Денесін өзенге тастаған: Атырауда бойжеткенді өлтірген ер адам ұсталды

23.10.2024 19:48

Танысы қызды көлікте тұншықтырып өлтірген

elements.envato.com

18 қазанда жоғалып кеткен 23 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Сmn.kz-ке сілтеме жасап.

Бойжеткен өткен аптаның жұмасында сағат 22.00 шамасында «Авангард» ықшамауданындағы №11 үйден шығып, қайтып оралмаған. 20 қазанда қыздың анасы полицияға хабарласып, іздеу салған.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 және 25 жастағы екі адам ұсталған.

«Анықталғандай, 18 қазанда бойжеткен танысымен жанжалдасып қалған. Соның салдарынан танысы қызды көлікте тұншықтырып өлтірген. Қылмысты жасыру үшін 24 жастағы жігіт досымен бірге мәйітті Талдыкөл ауылының шетіне апарып, Жайық өзеніне лақтырып жіберген», - делінген хабарламада.

Қыздың денесі әлі табылған жоқ. Іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

«Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды және Қылмыстық кодекстің екі бабы – адам ұрлау және кісі өлтіру бойынша күдікке ілінді», - деді полиция.

Тәртіп сақшылары тергеу әрекетін бастады. Тергеу мүддесі үшін полиция басқа мәліметтер жарияланған жоқ.

Оқи отырыңыз: Атып өлтіремін: мәслихатының депутаты ақсақалға пышақпен сес көрсеткен