Президент БРИКС саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына барды

23.10.2024 20:24

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты кездесулер өткізеді

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қазан қаласына барды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен келді», - делінген хабарламада.

Сапар аясында Қазақстан Президенті екіжақты кездесулер өткізіп, БРИКС-тің «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырысында сөз сөйлейді.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президентін құттықтады