Он жыл анасының мәйітін үйінде сақтаған ер адам ұсталды

28.07.2025 20:12

Қазір бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр

Photo: Getty Images

Жапония полициясы 60 жастағы ер адамның 10 жыл 95 жастағы анасының мәйітін пәтерінде ұстағанын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Такехиса Мияваки полицияға анасының он жыл бұрын қайтыс болғанын айтты, бірақ әлеуметтік фобияға байланысты бұл туралы хабарламаған.

Бұл іс 22 мамырда мемлекеттік қызметкердің Миявакиді көшеде ақсап бара жатқанын байқап, жеке мәліметтері мен анасы туралы сұрағанда, Мияваки ол туралы айтудан бас тартып, күдік туғызған.

Бұдан кейін шенеунік жергілікті полицияға хабарлаған.

Тексеру кезінде пәтер ішінен үйіліп жатқан қоқыс пен әжетханада жатқан адам қаңқасы табылған. Мияваки бұл – 95 жасында он жыл бұрын қайтыс болған анасының сүйегі екенін мойындады. Оның айтуынша, ол анасын әжетханада өлі күйінде тауып, сол жерде қалдырған.

Сараптама сүйектің шынымен Миявакидің анасына тиесілі екенін растады. Алайда зорлық белгілері табылған жоқ.

Қазір бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Жасөспірімдер алкогольдік ішімдік ішкен: ата-аналарына қатысты тиісті шара қолданды