Жасөспірімдер алкогольдік ішімдік ішкен: ата-аналарына қатысты тиісті шара қолданды

Polisia.kz
Polisia.kz

137 кәмелетке толмаған жасөспірім түнгі сағат 23:00-ден кейін ересектердің қарауынсыз көшеде жүргені анықталд

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда түнгі уақытта ересектерсіз жүрген ондаған жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

27 шілдеден бастап Алматы қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, түнгі уақытта балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүру деректерін анықтауға, сондай-ақ ҚР "Баланың құқықтары туралы" Заңындағы талаптардың сақталуын бақылауға бағытталған республикалық "Түнгі қаладағы балалар" жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Рейдтің алғашқы күнінде-ақ полиция қызметкерлері білім беру мекемелерінің өкілдері және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп патрульдік топтар ұйымдастырды, нәтижесінде 137 кәмелетке толмаған жасөспірім түнгі сағат 23:00-ден кейін ересектердің қарауынсыз көшеде жүргені анықталды.

Олардың ата-аналарына қатысты тиісті шара қолжанды. Сондай-ақ 163 жасөспірім жағдайды анықтау үшін полиция бөлімшелеріне жеткізілді. 10 кәмелетке толмаған бала профилактикалық есепке қойылды. 9 жасөспірімнің алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. 6 кәсіпкерлік нысан кәмелетке толмағандарды сағат 22:00-ден кейін ересектердің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарына кіргізгені үшін жауапкершілікке тартылды. 8 бала балаларды қолдау орталығына тапсырылды.

Рейдтік шаралармен қатар, кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде: білім беру мекемелерінде, жастар орталықтарында және әлеуметтік желілерде профилактикалық жұмыстың мақсаты, сондай-ақ ата-аналардың өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапкершілік бар екендігі туралы түсіндіру жүргізіліп жатыр.

 "Түнгі қаладағы балалар" іс-шарасы – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Біз тек бұзушылықты анықтап қана қоймай, қайғылы жағдайдың алдын алуға, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға тырысамыз. Басты мақсат – жазалау емес, ересектерге, баланың қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктің бірінші кезекте өздеріне жүктелетінін еске салу. Түнгі уақытта көшеде жүрген әрбір жасөспірім – бұл біз үшін дабыл сигналы, – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов.

Дерекөз; Polisia.kz 

Оқи отырыңыз: Алматыда жол қауіпсіздігін бақылау күшейтілді

Новости партнеров