Он жыл бойы іздеуде жүрген шетелдік күдікті Германиядан экстрадицияланды

Ол ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері,Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында аталған елден шетелдік азамат экстрадициялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу барысында көрсетілген тұлға 2014 жылы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, компьютерлік техниканы жеткізуге жәрдем көрсету сылтауымен қазақстандық кәсіпкердің 1 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражатын алдау жолымен иемденгені анықталды.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған",- делінген Бас прокуратура хабарламасында.

2025 жылдың қыркүйегінде ол Германияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға берілді.

Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық екі дзюдошы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Новости партнеров