Қазақстандық екі дзюдошы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Олар қарсыластарынан басым түсті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан құрамасының дзюдошылары Эсмигүл Куюлова мен Әділет Алмат Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

63 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Эсмигүл Куюлова Оңтүстік Корея өкілі Ё Джи Кимнен басым түсті. Енді финалға шығу үшін ол Солтүстік Корея спортшысы Джи Хье Киммен белдеседі.

Ал 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Әділет Алмат ширек финалда отандасы Абылайхан Жұбаназарды жеңді. Оның келесі қарсыласы кейінірек белгілі болады.

Жұбаныш белдесулеріне Дана Әбдірова (57 келіге дейін) мен Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) қатысады.

Оқи отырыңыз: Алматыда студенттерге жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік мәдениеті түсіндірілді

Новости партнеров