Соталды тергеп-тексеруді басталды
Павлодардағы мүгедек балаларға арналған оңалту орталығында алаяқтық схемасы әшкере болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар прокуратурасы жергілікті бюджеттен қаржы алатын оңалту орталықтарының бірінің басшылығы заңсыздыққа барғанын анықтады. Орталық мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсеткені үшін ақы алған.
"Орталық басшысы жалған шарттар жасасқаны анықталды, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушылар ұзақ уақыт бойы орталыққа бюджет қаражаты есебінен көзделген қызмет үшін ақы төлеген. Бүгінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне жалпы сомасы 7,6 млн теңге көлемінде зиян келтірілген", - деп жазылған хабарламада.
Алаяқтық дерегі бойынша Павлодардың полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.
Тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Қанды қылмыс: ауруханалардың бірінде бұрынғы күйеуі әйелді пышақтап кетті