Өңірлік журналистика қиын кезеңді бастан өткізіп жатыр: Алматыда мамандар бас қосты

22.12.2025 19:20

Іс-шараны Бас редакторлар клубы қоғамдық бірлестігі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған

«Өңірлік журналистика қиын кезеңді бастан өткізіп жатыр. Ал жасанды интелектіні шамадан тыс пайдалану кәсіби журналистиканы жарға жықпай ма?». Медиа саласына қатысты өзекті тақырыптар Алматыда өткен «Цифрландыру дәуіріндегі масс-медиа трансформациясы» тақырыбындағы ғылыми-практикалық дөңгелек үстелде талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға еліміздің жетекші республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, сала ардагерлері мен жас ғалымдар қатысты. Іс-шараны Бас редакторлар клубы қоғамдық бірлестігі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған.

«Кәсіби ортадағы ортақ пікір алмасу аса қажет. Өйткені әр редакция өз мәселесін өз ортасында ғана шешетіндей емес, талқылаудан кейін нақты ұсыныстармен шыққан кезде, қолдау көрсетуімізге де мүмкіндік болады. Сол мәселелердің жүйелі түрде заң шеңберінде шешілуіне мүмкіндік болады деп ойлаймыз», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай.

Оқи отырыңыз: Өркендеу жолы: Алматыда Армат Бектастың жеке көрмесі өтті