Суретші еңбектері АҚШ, Франция, Италия және Нидерланды елдеріндегі галереяларда экспозицияланған
Алматыда белгілі суретші әрі мүсінші, монументалды кескіндеме шебері Армат Бектастың «Өркендеу жолы» атты жеке көрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көрме ұлттық идеяны бейнелеу өнері арқылы ашуға бағытталған. Онда авторға тән сызықтық стильде орындалған картиналар мен концептуалды мүсіндер ұсынылды. Бұл жұмыстар түркілік дүниетаным мен қазақы болмысты заманауи көркем тілде жеткізумен ерекшеленеді.
Айта кетейік, Армат Бектас – халықаралық деңгейде мойындалған суретші. Оның еңбектері АҚШ, Франция, Италия және Нидерланды елдеріндегі галереяларда экспозицияланған.
«Білім тек сабақ беру емес, сонымен қатар үлкен іс-шараларды өткізу, кәсіби суретшілердің шығармашылығымен студенттерді таныстыру. Алдағы жоспар университетте индустриямен бірлесе отырып. әртүрлі шараларды өткіземіз», – деді Нархоз университетінің президенті Қанат Қожахмет.
«Көрме арқылы сызықтардың жаңа философиясын ұсынып, қазақстандық жаңа визуалды көзқарастың қалыптасуын көрсеткім келеді. Көрменің атауын «Ұлттық идеяның визуализациясы» деп қойдым. Біз отыз жыл бойы этностық және діни бірлік туралы айтып келеміз. Ал бұл жоба адамның ішкі тұтастығын тереңірек ашады. Яғни, адамның ойы мен ісі, сөзі мен амалы бір бағытта болуы керек. Нағыз бірлік ең алдымен адамның өз ішінен басталады», – деді суретші Армат Бектас.
Оқи отырыңыз: Астанада 16 мектеп салынады