Онлайн-алаяқтыққа байланысты ең жиі кездесетін қылмыс түрі қандай

Алматыдағы басқосуда қоғамда кең таралған алаяқтықтың 6 түрі талданды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде онлайн-алаяқтық дерегі азаймай тұр. Бұл дерек бойынша жыл сайын тіркелетін оқиғалардың шамамен 0,1 пайызы – банк және микрокредиттік ұйымдармен байланысты. Неге десеңіз, жалған қоңырау салдарынан жылына кем дегенде 8 мың адам қаражатынан айырылып қалады. Бұл туралы Алматы технологиялық университетінде өткізілген жиында белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Оған сала мамандары мен 500-ден аса студент қатысты. Басқосуда қоғамда кең таралған алаяқтықтың 6 түрі талданды. Сондай-ақ заңбұзушылық пайда болғанда не істеу қажет екені, тіпті оның алдын алу жолдары сөз болып, шеберлік сабағы өткізілді.

Электронды үкіметтің мүмкіндіктері айтылып, нашақорлыққа қарсы күресті тұрақты жүргізіп отыру мәселесі де талқыланды.

"Жастарға қаржылық сауат беру, өз кірісіңмен өмір сүріп үйрету – басты мақсатымыз. Жастар болашағын ойлап, қарызға батпай, жақсы маман болып шығуы үшін міндетті түрде қаржылық және құқықтық тұрғыдан сауатты болуы керек", - деді "Isker isi" әлеуметтік жобасының жетекшісі Бибінұр Шерәлиева. 

"Жыл басынан бері есірткіге қатысты 530 қылмыстық іс тіркелген болса, оның 330-ы сотқа жолданған. Яғни, осы істер аясында 25 есірткі зертханасы анықталып, 800 келіден астам есірткі заттары тәркіленді, қазіргі уақытта қылмыстық іс жүргізіліп жатыр", - деді қалалық прокуратураның басқарма прокуроры Елдос Дүйсенбаев.

Оқи отырыңыз: Қамауға алынған әйел терезеден қашып кеткен

Новости партнеров