Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстан азаматтары болды ма

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Оқиғаға қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстан азаматтары болмаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Іnformburo.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді.

"Корея билігінің алдын ала мәліметі бойынша, ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - деп түсіндірді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетсек, бүгіен таңертең болған қайғылы ұшақ апатынан179 адам қаза тапты. Бортта барлығы 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Кем дегенде екі адамның аман қалғаны айтылды.

Бангкоктан ұшып шыққан ұшақ жергілікті уақыт бойынша 08:30-да қонуы тиіс болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, шассидің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты ұшақ фюзеляжға қонуға әрекеттенген, бірақ ұшқыштар ұшу-қону жолағының соңына дейін жылдамдығын төмендете алмай, соңында қоршауға соғылған. Соның салдарынан ұшақ өртке оранған.

Желіде қайғылы оқиғаның видеосы пайда болды.

Оқи отырыңыз: Оңтүстік Кореяда ұшақ апатқа ұшырап, 179 адам қаза тапты

Новости партнеров