Бортта барлығы 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған
Оңтүстік Кореяның Чолла-Намдо провинциясында орналасқан Муан әуежайында ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Jeju Air әуе компаниясының Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, апат құстар соғылған шассидегі ақау салдарынан болған.
Бастапқыда 47, артынша 62 адамның тірі қалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда соңғы деректерде тек 2 адамның ғана аман қалғаны айтылды.
"Соңғы мәліметі бойынша, 179 адам қаза тапты. Бортта барлығы 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар арасында 173 корей және екі Тайланд азаматы болған. Кем дегенде екі адам аман қалды", - делінген агенттік хабарламасында.
Айта кетерлігі, Бангкоктан ұшып шыққан ұшақ жергілікті уақыт бойынша 08:30-да қонуы тиіс болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, шассидің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты ұшақ фюзеляжға қонуға әрекеттенген, бірақ ұшқыштар ұшу-қону жолағының соңына дейін жылдамдығын төмендете алмай, соңында қоршауға соғылған. Соның салдарынан ұшақ өртке оранған.
Желіде қайғылы оқиғаның видеосы пайда болды.
Оқи отырыңыз: Ұшақ апатынан зардап шеккен алты адамның жағдайы тұрақтанды - ДСМ