Оралда есірткі сатушылардың әрекетіне тосқауыл қойылды

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оралда арнайы жасақ операция жүргізіп, ірі есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, Оралда интимдік қызмет көрсетумен және есірткі заттарын таратумен айналысқан 36 жастағы әйел ұсталған.

"Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі шетелдік азамат ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды. Жалға алынған үйді тінту барысында синтетикалық есірткі өндіруге арналған жабдық және сатуға дайын 9 келі мефедрон тәркіленді. 27 мыңнан астам бір реттік доза айналымға жіберілмеді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта соталды тергеу жүргізіліп жатыр", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Оқи отырыңыз: Мәслихат депутаттары Алматы қаласының алдағы 3 жылға арналған бюджетін қолдады

Новости партнеров