Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Орал қаласында бір жылдан астам уақыт халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті. Тергеу мәліметінше, ол қайырымдылыққа жиналған 88 миллион теңгеден астам қаржыны алаяқтық жолмен иемденген деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Күдікті тәртіп сақшыларынан жасырыну үшін шкафтың ішіне тығылып қалған. Алайда бұл әрекеті нәтиже бермей, полицейлер оны тауып, ұстады.
Қазір аталған дерек бойынша аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деді БҚО ПД Ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы Алима Гарифуллина.
Оқи отырыңыз: Павлодар облысында ақша бопсалаумен айналысқан топтың жолы кесілді