Павлодар облысында ақша бопсалаумен айналысқан топтың жолы кесілді

Қылмыстық әрекетте пайдаланылған автокөліктер арнайы тұраққа қойылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында студенттер мен кәсіпорын қызметкерлерінен ақша бопсалады деген күдікпен 10 адам ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Арнайы операция Ақсу және Екібастұз қалаларында жүргізілді. Соның нәтижесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері өңір тұрғындарын қорқытып, жүйелі түрде ақша талап еткен топтың жолын кесті.

Тінту барысында қолма-қол ақша, ұялы телефондар, банк карталары, құжаттар және қылмыстық іске қатысты өзге де заттай дәлелдер тәркіленді.

Сондай-ақ қылмыстық әрекетте пайдаланылған автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.

«Бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Полиция органдарына 10 адам жеткізіліп, олардың төртеуі қамауға алынды.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», – деді Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Диас Қадыров.

Оқи отырыңыз: Азаматтардың жеке деректері Конституция деңгейінде қорғалады