Оралда ток соққан бала ауруханаға жатқызылды

shraga kopstein/unsplash.com
shraga kopstein/unsplash.com

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, бала төбеде тұрып қалған допты алып, жерге лақтырып жіберген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Орал қаласында электр подстанциясы маңында оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 30 сәуір күні подстанция төбесінде 2015 жылғы ұл баланы ток соққан.

"Бала ауруханаға жатқызылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, бала төбеде тұрып қалған допты алып, жерге лақтырып жіберген. Содан төмен түскенде, ток соққан.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, қазір төртінші дәрежелі күйік жарақатын алған 9 жастағы бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр. Аппаратпен тыныс алып жатыр, жағдайы ауыр. Денесінің 95 пайызын күйік шалған.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жоғалып кеткен екі бала таудан табылды

Новости партнеров