Оларға нақты бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
Павлодарда TAKORP қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұйымдастырушылар қаржы пирамидасын ашық жарнамалаған. Салымшылар 58 миллион теңгеден астам қаржысынан айырылды. Ұсталғандардың бірі кінәсін толық мойындап, өкінетінін білдірген, екіншісі — кінәні жартылай мойындаған.
Сот оларды кінәлі деп танып, келесі жазаларды тағайындады:
Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде жазасын өтеумен 6 жылға бас бостандығынан айыру;
Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде жазасын өтеумен 1,5 жылға бас бостандығынан айыру.
Сонымен қатар, сот жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздарын толық көлемде қанағаттандырды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, наурыз айында Қаржылық мониторинг агенттігі инвесторлардың пирамидаға 30 бен 500 доллар аралығында қаражат салғанын, ал 2000 долларға дейін бонус күтетінін хабарлаған еді. 50-ге жуық қазақстандық криптовалютаны биржа арқылы сатып алып, кемінде бес жаңа салымшыны тартқан. Бұл үшін оларға "сәттілік дөңгелегіне" қатысып, ұтысқа ие болу мүмкіндігі уәде етілген.
Оқи отырыңыз: Су қателікті кешірмейді: бассейнде инфекция жұқтырып алмау үшін не істеу керек