Орталық Азияда тәжвирусы қайта өршіді: еліміздегі жағдай қалай

ЖИ көмегімен жасалған
ЖИ көмегімен жасалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бес жыл бұрын жаһан жұртын дүрліктірген тәжвирусы Орталық Азияда қайта өршіді. Гонконг пен Сингапурде жағдай қиын. Аталған қалаларда апта сайын 14 мыңнан аса адам вирус жұқтырып жатыр. Ал елімізде «Омикрон» штаммы айналсоқтап жүрген көрінеді. Індеттен қалай сақтанған жөн? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Изатима Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Перуза Арықова жауап береді.

– Перуза Жаймұханқызы, әлемдік БАҚ Орталық Азияда ковидтің қайта өршігенін жазып жатыр. Алматыда жағдай қалай? Науқастар көбейді ме?

«Коронавирусты инфекцияға келетін болсақ, бұл – жұқпалы аурулардың бірі.  Ауа тамшы жолдарымен жұғатын инфекция болып есептеледі. Қазіргі таңда Алматыда жағдай қалыпты десек болады. Себебі «омикрон» штаммы кездесіп жатыр. Ол 2020-2021 жылдарғы «дельта» штаммына қарағанда жеңіл түрде өтеді. Оның белгілеріне келетін болсақ, жаңа айтып өткендей, жедел респираторлы вирусты инфекциялар сияқты – бастың ауруы, дене қызуының көтерілуі, сосын жөтел болуы мүмкін, түшкіреді. Тамақтың ауруы, иіс пен дәм сезбеуі мүмкін, дене сырқырап аурырады.

– Елде ковид өршіген тұста адамдар екпе алды, ревакцина жасатты. Қазір екпе алудың қажеті бар ма, қоғамдық иммунитет қалыптасты ма?

«Вакцинаға келетін болсақ, 2020-2021 жылдары вакцинация болды, ревакцинация жасалды. Әрбір адамның өзіне лайықты иммундық жүйесіне байланысты антидене пайда болды десек те болады. Ал егер вакцина алмаған адам болса, оларға жұқпауы мүмкін. Бірақ 90 пайыз адам осы аурумен ауырып,  өздеріне лайықты иммунитеті пайда болды».

– Денсаулық сақтау министрлігі елде жағдай тұрақты екенін айтты. Десе де, вирустан қалай сақтанған жөн?

«Адамдар көп жиналатын жерге барудан бас тарту, егер үйде болсаңық, таза ауамен желдету, ылғалды тазалау сияқты жеке қағидаларды сақтау керек. Қолды жуу қажет. Ал ауруып қалған жағдайда бетперде пайдаланған жөн».

Оқи отырыңыз: Автобус апаты: зардап шеккен науқастардың жағдайы ауыр

Новости партнеров