Өртеніп кеткен: Павлодар облысында қайғылы жол апатынан 5 адам қаза тапты

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.    

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Алдын ала деректер бойынша, 23 қыркүйекте Павлодар – Қызылорда автожолының Байет ауылынан 5 шақырым жерде «Toyota Lucida» автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қашықтықты сақтамай, «Sitrak» жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota автокөлігі өртеніп кеткен.

«Полиция салдарынан төрт жолаушы мен жүргізуші қаза тапқан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.

Полиция департаменті осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде аса мұқият болу және көліктің техникалық жағдайын бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.

Оқи отырыңыз: СҚО-да жол апатынан 28 адам қаза тапқан: полиция ерекше науқан өткізді

Новости партнеров