ОСК «Ауыл» партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Саяси ұйым атынан барлығы 69 кандидат ұсынылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» партиясының кандидаттар тізімін ресми түрде тіркеді, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі.

Саяси ұйым атынан барлығы 69 кандидат ұсынылған.  Олардың 29-ы әйелдер, жастар және мүгедектігі бар азаматтар. Бұл жалпы тізімнің 42 пайызын құрайды. Уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізген тексеру нәтижесінде барлық кандидаттың Конституциялық заң талаптарына сәйкес келетіні анықталды. Сондай-ақ «Ауыл» партиясы мәжіліс депутаттарының сайлауында 10,90 пайыз дауыс жинағандықтан, қолданыстағы заңнамаға сәйкес сайлау жарнасын төлеуден босатылған.

«Тізімінің тіркелуімен саяси партияның басшылығын құттықтай отырып, сәттілік тілейміз. Орталық сайлау комиссиясының апаратына аталған, қабылдаған құжаттардың бәрін интернет ресурсында және баспа БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Оқи отырыңыз: Заң мен тәртіп: Алматыдағы Баум тоғайында қоғамдық қауіпсіздік күшейтілді