Өскемендегі зауыт жарылысы: қаза тапқандар саны артты

Кәсіпорын марқұмның отбасына 10 жылдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлейтінін хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскемендегі ірі зауыттардың бірінде болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір азамат ауруханада қайтыс болды. Марқұм 1980 жылы туған жұмысшы еді. Оқиға кезінде оның денесінің 90 пайыздан астамын күйік шалып, жан сақтау бөліміне аса ауыр халде түскен болатын. Ер адамның өмірін сақтап қалу үшін Астанадан арнайы дәрігерлер де шақырылғанымен, медицина мамандарының талпынысы нәтиже бермеді, — деп хабарлайды Almaty.tv.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 5 мамыр күні мырыш пен қорғасын өндіретін кәсіпорында болған еді. Шаң жинау құрылғысы жарылып, арты өртке ұласқан апат салдарынан бес адам зардап шегіп, бұған дейін екі жұмысшының қаза тапқаны хабарланған болатын. Осылайша, бұл оқиғадан мерт болғандардың саны үшке жетті.

Қазіргі уақытта тағы бір науқас санавиация желісімен елордаға жеткізілді. Бүгін Астанада оның омыртқасына күрделі ота жасалды.

Кәсіпорын әкімшілігі қайтыс болған қызметкерлердің отбасына материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді. «Қазцинк» ЖШС басқарушы директоры Андрей Лазарев компания атынан көңіл айтып, қолдау шараларын атап өтті:

«Біз марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Қазір оларға барлық қажетті қолдау көрсетілуде. Компания тарапынан оларға 10 жылдық жалақы мөлшерінде өтемақы беріледі», — деді Андрей Лазарев.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысындағы ірі қант зауытының құрылысы тоқтап қалды

Новости партнеров