«Отбасы банк» үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты қандай өзгеріс жариялады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Отбасы банк» үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты жаңа өзгеріс жариялады. Енді кезегі бар адамның тұрғын үйде үлесі болса да, ол жеңілдетілген ипотека рәсімдей алады немесе жалдамалы тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болады. Бұған дейін талап әлдеқайда қатаң еді. Яғни, азаматтың соңғы 5 жыл ішінде атына тіркелген үйі болса мемлекеттік қолдауға қатыса алмайтын. Тіпті тұрғын үйдегі үлесі де есепке алынатын.

Жаңа ереже ақпан айынан бастап күшіне енуі мүмкін. Бұл туралы «Алматы» телеарнасының студия қонағы «Отбасы» банкінің баспасөз хатшысы Назерке Ғалым түсіндіріп бермек.

«Отбасы» банкі жаңа ережелерді жариялап отыр. Айта кету керек, 2025 жылдың мамыр айынан бастап кезек түгелдей ауыстырылды. Демек «Отбасы» банкі даму институтына айналды. Үйге қатысты мәселелердің барлығы бізге берілді деуге болады. Қазан айынан бастап үйлерді үлестіруді бастадық. Себебі сол кезде үйлер дайын бола бастады. Баспананы әкімдік салғаннан кейін, мемлекеттік бағдарлама аясында бөлу жұмыстарын «Отбасы» банк атқарады. Бұл бірнеше түйткілді мәселелермен кездесдік. Оның ішінде жаңағы үлесі бар азаматтар қатысты түсіндіріп кетейін. Ата-анасымен бірге отбасы мүшесі ретінде тіркеліп, бір пәтердің 10 немесе 5 шаршы метрі ғана үлес ретінде атына жазылып қалған. Сол себепті олар кезекте тұрса да жаңағы мемлекеттік қолдауды ала алмай отырды. Сол үшін «Отбасы» банкі көптеген өтініштің түсуіне байланысты және әлеуметтік желілерді де қарап отырмыз, мәселенің шешімін қарастырдық. Заң жүзінде әлі қабылданған жоқ. Бірақ банк ұлттық даму институты ретінде шешім қабылдап, жақсы жаңалық айтып отырмыз. Үлесі бар азаматтарды мемлекеттік бағдарламаға қатыса алады».

– Мемлекеттік қолдауға қандай азаматтар ие бола алмайды?

«Егерде азаматтар бұрын әйелімен, күйеуімен бір пәтерде 50/50  үлесі болса, мемлекеттік қолдауға ие бола алмайды».

Оқи отырыңыз: Таза ауа: Алматы көшелеріне ауа сапасын бақылайтын құрылғы қойылды

 

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров