Өткен тәулікте Алматыда жол ережесін бұзудың 2 мыңнан астам дерегі анықталды
Аlmaty.tv
Мегаполисте жол қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында жол жүрісі қағидаларын бұзудың 2 240 фактісі анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алматы қаласының прокуратурасынан хабарлағандай, оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 259 өрескел құқықбұзушылық анықталған.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
- көлік құралын масаң күйде басқару – 11 факт;
- көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік құралын басқаруы – 2 факт;
- маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 103 факт;
- қауіпсіздік белдігін тақпау – 93 факт;
- қарсы қозғалыс жолағына шығу – 8 факт;
- көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 42 факт.
Сонымен қатар, 37 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.
Оқи отырыңыз: Алматыда 10-16 тамыз аралығында ауа райы қандай болады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40