Білім беру грантының иегерлеріне оқу ақысы жылына 1 млн теңгеге дейін төленеді
2026-2027 оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қайырымдылық бағдарламасы аясында талапкерлердің жоғары оқу орындарында білім алуына 350 білім беру грантын бөлді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Білім беру грантына ауылдық елді мекендер, шағын және моноқалалар мектептерінің 25 жасқа дейінгі (қоса алғанда) түлектері төмендегі санаттардың біріне жататын жағдайда үміткер бола алады:
Білім беру грантының иегерлеріне оқу ақысы жылына 1 миллион теңгеге дейін төленеді. Сонымен қатар оқу кезеңінде ай сайын 60 мың теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалады. Шәкіртақы жыл сайын жазғы демалыс кезеңін қоспағанда 10 ай бойы төленеді.
Білім беру грантын алуға үміткерлердің тізімін жоғары оқу орны немесе оның филиалы ҰБТ-дан өтіп, оқуға түсу үшін белгіленген ең төменгі өту балын жинаған талапкерлердің (оның ішінде шығармашылық емтихандардың нәтижелері ескерілген) арасынан қалыптастырады. Үміткерлер тізімі жоғары оқу орнының конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасымен рәсімделеді.
Бағдарламаға қатысатын жоғары оқу орындарының тізімі, бөлінген гранттар саны және оларды беру тәртібі туралы толық ақпарат qazaqstanhalqyna.kz «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының ресми сайтында орналастырылған.
Оқи отырыңыз: Өткен тәулікте Алматыда жол ережесін бұзудың 2 мыңнан астам дерегі анықталды