Қазақстанда IV классқа жататын (қуатты) пиротехникалық бұйымдарды тек ІІМ-нің лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана пайдалана алады
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Жаңа жылды тойлау кезінде қандай фейерверктер үшін айыппұл салынатынын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Жаңа жылға қатысты тоқталсақ, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу іс-қимылдарына ерекше екпін қоямыз. Мұнда заңдылық пен тәртіп үстемдік етуі керек. Аулалардың тазалығын бұзбайтын немесе басқа азаматтарға қауіп төндірмейтін шағын отшашуларға ешқандай кедергі жоқ. Дегенмен, азаматтардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіп төндіретін, сондай-ақ аулаларды ластайтын тыйым салынған отшашуларға әкімшілік кодекс аясында жаза қарастырылған", - деді С. Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда IV классқа жататын (қуатты) пиротехникалық бұйымдарды тек ІІМ-нің лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана пайдалана алады.
Оқи отырыңыз: 2026 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады