Паратаэквондодан Қазақстанның екі дүркін әлем чемпионы өмірден өтті

02.10.2024 в 17:06

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады

instagram.com/jambylsport

Белгілі пара спортшы, паратаеквондодан екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы Нышан Елубайұлы Өмірәлі дүниеден өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

«Тағдырдың талай қиындығын көрсе де мойымаған, жаны жайсаң Нышан Өмірәлі мәңгілік мекеніне аттаныпты. Аз ғана ғұмырында талай игі ісімен көптің көңілінде қалған Нышанның жақындарына көңіл айтамыз. Жаратқан панасына алсын!

Нышан бауырымыз ер азаматқа тән өр мінез, батырлық пен батылдық, қайсарлық сынды қасиеттерімен ерекшеленді. Асқақ рухтың жарқын үлгісін көрсетті. Байрақты бәсекелерде Әнұранымызды әуелетіп, көк Туымызды биікте желбіретті. Толағай табыстарға жетті», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Нышан Өмірәлі – Пара таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы (Мәскеу-2014, Лондон-2017), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Хошимин-2022), пара Азия ойындарының күміс жүлдегері (Ханчжоу-2023), екі дүркін Паралимпиада ойындарына қатысушысы.

Оқи отырыңыз: Қазақстан құрамасының жаңа капитаны қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді