Партиялардың сайлауалды бағдарламасына жіті назар аудару қажет - Әділғазы Қайырбеков

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«7 партияның сайлауалды бағдарламасына жіті назар аудару қажет». Almaty.tv тілшісі алматылық зиялы қауым өкілдерімен тілдесті.

Олардың айтуынша, Құрылтай депутаттарын таңдауда саяси ұйымдардың ұстанымы мен нақты бастамаларына басымдық берген жөн.

Себебі халық қалаулылары елдің өзекті мәселелерін көтеріп, қоғамның үнін билік мінберінде жеткізе білуі тиіс. Сондай-ақ бір палаталы жүйе әр депутаттың жауапкершілігін күшейтеді.

«Алдымызда Құрылтай сайлауы келе жатыр. Бұның жан-жақты насихаты да жүріп жатыр. 7 бірдей партия өздерінің бағдарламаларын ұсынып жатыр. Мұның бәрі дұрыс. Ал енді осының ішінен өзіңнің бағыт-бағдарыңмен, көзқарасыңмен, халықтың негізгі мұрат-мүддесімен үйлесетін партияның бағдарламасына назар аудару керек», – деді ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков.

«Ұлы Британияның ұлы тұлғасы Уинстон Черчилльдің «Билік басындағы нашар адамдарды, дауыс беруге қатыспаған жақсы адамдар сайлайды» деген. Бойымызда «бізсіз де сайлайды, бізсіз де өтер, қайтер дейсің?» деген бір немқұрайлық, селкеулік болады. Одан арылайық, бәрімізде бір кісідей қатысайық. Осы үнге,ұранға қосылам», – деді жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрдәулет Ақыш.

Оқи отырыңыз: Азаматтардың басым көпшілігі алдағы Құрылтай сайлауында дауыс беруге дайын