Павлодар облысында 18 шақырымнан астам жол жаңартылды

ҚазАвтоЖол
ҚазАвтоЖол

«Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстар жүргізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында республикалық маңызы бар «Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облысында республикалық маңызы бар «Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының келесі 1173–1178, 1367+260–1372+680, 1372+680–1379+150, 1381+950–1383 шақырым аралығындағы учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстарының аяқталғаны және нысанның пайдалануға берілгені туралы хабарлайды. Жөндеуден өткен учаскенің ұзындығы 18,4 шақырымды құрайды (іріктеп жөндеу).

Аталған жол учаскелері Iб және III техникалық санаттарға жатады. Жөндеу жұмыстары барысында суық ресайклинг технологиясы қолданылып, кейін 53 918 м2-де асфальтбетон қоспасынан жоғарғы қабат төселді. Сонымен қатар жол жамылғысы жонылып, 293 921 м2 ауданда жаңа асфальтбетон қабаты төселді.

Жөндеу жұмыстары жолды нормативтік күйде ұстап тұруға, сондай-ақ жол пайдаланушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автожолдардың сапасын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыстарды жалғастыруда

Оқи отырыңыз: Алматы облысында тұтанған дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

Новости партнеров