Павлодар облысында дауылдан бір адам қайтыс болды

Олег Мороз/https://unsplash.com
Олег Мороз/https://unsplash.com

Дауылды жел инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтіріп, салдарынан электр қуаты сөніп қалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысындағы дауылды желдің салдарынан бір адам қаза тапты, 16 адам жарақат алды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

19 маусым күні Павлодар облысында жылдамдығы секундына 43 метрге дейін жететін дауылды жел тіркелді. Дауылды жел инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтіріп, салдарынан электр қуаты сөніп қалды. Бір адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті. 

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, 16 адам зардап шеккен, оның ішінде үш бала. Ақсуда 1968 жылы туған тұрғыны көз жұмды. 

"Облыс орталығында 47 нысанның, оның ішінде 6 әлеуметтік мекеменің шатырына зақым келді. Ақсу мен Екібастұзда 23 нысан, Баянауыл ауданында — 7 нысан зақымданған, сондай-ақ Май және Павлодар аудандарында ғимараттардың зақымдануы тіркелді. Облыстың қалалары мен аудандарының электрмен жабдықтау желілерінде ақаулар байқалады. Қазіргі уақытта Ақсу қаласында және Баянауыл ауданында электр қуатының өшуі тіркеліп отыр. Қазіргі уақытта болған апаттың салдарын жою бойынша жұмыс істеліп жатыр. Байланыс және электрмен жабдықтау желілерінің 16 бағанасы қалпына келтіріліп жатыр. 300-ден астам адам және 103 арнайы техника жұмылдырылған", — делінген хабарламада.

Барлық шұғыл әрекет ету қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз: 31 млн теңге жымқырған күдікті Ресейден экстрадицияланды

 

Новости партнеров