Павлодар облысында көлік жылқымен соқтысып, жүргізуші көз жұмды
Depositphotos
Ол жолда тұрған екі атқа соғылып, арыққа ұшып кетіп, аударылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Павлодар облысында жылқымен соқтығысқан көлік жүргізуші сі қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басылым мәліметінше, Түнде Volkswagen жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Ол жолда тұрған екі атқа соғылып, арыққа ұшып кетіп, аударылған.
Облыстық Полиция департаментінің ресми мәліметіне сүйенсек, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Жылқылардың иесі анықталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Куәгерлердің айтуынша, жол апаты Новосібір облысымен шекараға 10 шақырым аумақта болған.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында жаяу жүргінші жол апатынан қайтыс болды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52