Павлодар облысында жол апатынан бір айлық нәресте көз жұмды

Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі
Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тағы үш адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақсу өңіріндегі Ребров ауылының маңындағы «Атамекен – Русская Поляна» автожолында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды. 

– LADA Granta және BMW маркалы көліктердің соқтығысуы салдарынан 2024 жылы туған қыз бала қаза тапты. 1996 жылы туған әйел мен 1996 және 1998 жылдары туған екі ер адам Павлодар №1 қалалық ауруханасына жеткізілді, – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер кінәлі ме: Қостанайда он айлық сәби ауруханада көз жұмды

Новости партнеров