Референдумға дейін:
10
күн
20
сағат
59
минут

Павлодар әуежайындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталады

Әуе айлағы былтыр сәуір айында ұшу-қону жолағын кеңейту үшін жабылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар әуежайындағы жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмаған. Әуе айлағы былтыр сәуір айында ұшу-қону жолағын кеңейту үшін жабылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алғашында нысанның сол жылы күзде пайдалануға берілетіні туралы хабарланған. Кейіннен облыс әкімі Асайын Байханов биыл тамыз айында халықтың игілігіне берілетінін жеткізді. Алайда уәде етілген мерзім жақындап қалса да, жұмыс әлі аяқталмаған. Бүгін Үкіметте Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев жыл соңына дейін жөндеу жұмыстары толық аяқталады деп сендірді.

«Екі мекеменің арасында сот болды да, ұтып алған мекеме осы жылдың аяғына дейін жұмысты аяқтайды», – деді ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде автогаз құю стансасының аумағында өрт шықты

 

 

 

Новости партнеров