Павлодарда 12 азамат КСРО төлқұжатымен тұрып келген

elements.envato.com
elements.envato.com

Олардың кейбірі ескі кеңестік төлқұжатпен өмір сүріп келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысының көші-қон қызметі 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен тұрып келген тұрғындарды анықтады. Олардың дені – ертеректе ТМД елдерінен көшіп келген азаматтар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ертіс-Баян өңірінің полицейлері ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды уақтылы алмаған және 18 жасқа толғанда тиісті құжатталмаған адамдарды анықтады. Олардың кейбірі ескі кеңестік төлқұжатпен өмір сүріп келген.

- Жыл басынан КСРО үлгісіндегі ескі төлқұжатпен жүрген 12 павлодарлық анықталды. Бұған қоса 18 жасқа толса да жеке куәлік ресімдемеген 20 азамат, сондай-ақ азаматтығы жоқ, бірақ куәлік ресімдемеген 8 тұрғын анықталды. Олардың барлығына тиісті құжаттары жасалды. Құжаты жоқ адамдардың дені ТМД-дағы өзге мемлекеттерден келгендер, олар сол елдің жарамдылық мерзімі өткен төлқұжатымен жүрген. Көбі КСРО-ның бұрынғы одақтас мемлекеттерінен кәмелет жасына толмай тұрып Қазақстанға көшіп келген, - дейді Павлодар облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.

Аталған азаматтардың тиісті құжаты болмағандықтан олар осы уақытқа дейін түрлі жәрдемақылардан қағылып, мемлекеттік қызметтерді алудан қиындық көріп келген.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында пәтер үшін зейнеткерді өлтіруге тапсырыс берген

Новости партнеров