Павлодарда белгісіз адамдар банктің қабырғасын бұзып, тонамақ болған

11.11.2024 15:50

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр

Pavlodarnews.kz

Павлодарда ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Естай, 40 мекенжайында орналасқан Halyk bank бөлімшесінде қабырға бұзылды деген хабарлама таралды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. 

" 11 қарашада сағат 9:30-да полицияға банктердің бірінің филиалында қабырғаның бұзылғаны анықталды деген қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция департаментінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы келді",– деді департаментте.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Биыл Алматыда 2400-ден аса адамды кене шаққан