Сот ұйғарымы заңды күшіне енді
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талап қоюшы тұрғынның үйлену тойға сыйға тартылған мүлкінің құнын өндіру туралы азаматтық істі апелляциялық тәртіпте қарады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Соттың баспасөз қызметінен хабарланғандай, талап қоюшы үйлену тойында 2 435 000 теңгені құрайтын сыйға тартылған мүлікті жауапкер қайтармай отырғанын көрсеткен. Жауапкерлер талап қоюды мойындамады.
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен, талап қою қанағаттандырылған.
«Жауапкерден талап қоюшының пайдасына 2 435 000 теңге, өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстар 100 000 теңге және мемлекеттік баж 24 350 теңге өндірілді.
Апелляциялық сатыдағы сотта тараптар татуласып, дауды өзара медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды”, - делінген сот хабарламасында.
Атап айтқанда, талап қоюшы өзінің талабынан бас тартады. Жауапкер екі апта мерзім ішінде өз иелігінде қалған заттар есебінен талап қоюшыға 200 000 теңге беруге міндеттенеді.
Алқа, тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылған.
Талап қоюшыға мемлекеттік бюджеттен алдын төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылған.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында сәлем салудан бас тартқан келін соттан бір-ақ шықты