Павлодарда дәрігерлер ауыр науқастарды тиісті сараптамаға жібермей келген

27.11.2025 18:46

Павлодар прокуратурасы онкологиялық науқастар құқығының бұзылуын тоқтатты

Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Павлодар прокуратурасы медициналық ұйымдарда онкологиялық науқастарды мүгедектік пен әлеуметтік төлемдер алу үшін міндетті рәсім саналатын медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілмегенін анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жекелеген медицина қызметкерлерінің әрекетсіздігі салдарынан ауыр халдегі пациенттер із жүзінде көзделген әлеуметтік қолдау шараларынан айырылған.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 95 пациент МӘС-ке жіберілді, олардың 38-і мүгедектік дәрежесін алды, 57-сі сараптамадан өтуде», - делінген ведомство хабарламасында.

Прокуратура ұсынысын қарау нәтижелері бойынша жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.

Оқи отырыңыз: Тойға берген сыйлығын даулаған: Шымкентте тұрғынның арызы сотта қаралды