Павлодарда дәрігерлер қайтыс болған адамдарды «қабылдаған»

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Әр пациент үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржы алып отырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда дәрігерлер қайтыс болған адамдарды «қабылдап», акушер-гинекологтар еркектерге «қызмет көрсеткен». Олар мұндай сорақылыққа ақша табу мақсатында барған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Яғни, әр пациент үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржы алып отырған. Ақ халаттылар тіпті кейбір емдеу қызметтерін қайталау арқылы қосарланған төлем алған. Салдарынан мемлекетке миллиондап залал келтірген. Сондай-ақ өңірде тиісті сертификаттары мен рұқсат құжаттары жоқ адамдар халыққа медициналық қызмет көрсеткен. Олар жауапқа тартылып, 100 миллион теңгеден астам залалды өтеді. Одан бөлек, сот қарауында медицина саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырып, мемлекеттен 62 миллион теңге қаражат жымқырған және 41 миллион теңге көлемінде мемлекетке залал келтірген фактілер бойынша 2 қылмыстық іс бар екен.

Оқи отырыңыз: Кене қандай ауруларды таратады және олардың алғашқы белгілері қандай

Новости партнеров