Павлодарда пиротехниканы шағын автобуста сатқандар анықталды

Сатушылардың тиісті рұқсаты болмаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда пиротехниканы заңсыз сату дерегі анықталды. Тәртіп сақшылары рейдтік іс-шаралар барысында ірі көлемде өнім тәркілеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тексеру кезінде сатушылардың тиісті рұқсаты болмағаны анықталды. Сондай-ақ тез тұтанғыш заттардың шағын автобуста сатылғаны белгілі болды. Қазір барлық тауар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

«Заңбұзушылық қаладағы базарлардың бірінің аумағында анықталды. Сұр түсті микроавтобуспен жүріп, тиісті құжаттарсыз пиротехникалық өнімдер сатылған. Тауардың жалпы құны бір миллион теңгеден асты. Аталған дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, лицензиясыз сауда жасағаны үшін 599 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», – деді Полиция департаменті азаматтық қару айналымын бақылау жөніндегі аға инспекторы Азамат Исеев.

Оқи отырыңыз: Кешіккен жәрдемақы: Маңғыстауда полиция қызметкерлері банк жұмысына наразы

Новости партнеров