Павлодарда суға батып бара жатқан адам құтқарылды

07.06.2025 12:21

Құтқарушылар ер адамды судан шығарып алды

Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Зардап шегуші су астына кете бастаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 маусымда жедел құтқару жасағының құтқарушылары Усолка өзенінің коммуналдық жағажайында патрульдеу кезінде суда қайғылы оқиғаның алдын алды.

– Құрамында төрт құтқарушы мен екі жүзу құралы бар экипаж өзеннің ортасында суға батып бара жатқан адамды байқады.  Құтқарушылар ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізіп реанимациялық іс-шараларды бастады, – дейді департаментте. 

Құтқарушылар ер адамның жағдайын тұрақтандырып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Департаментте су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында мас жүргізуші бас бостандығынан айырылды