Павлодарда жаңа туған сәбиін сатпақ болған әйел ұсталды

Әйелдің айтуынша, мұндай қадамға оны қаржылық қиындықтар итермелеген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда жаңа туған сәбиін сатпақ болған әйел ұсталды. Түркістан облысының тұрғыны қызын әлеуметтік желі арқылы 800 мың теңгеге саудалаған, деп хабарлайды Almaty.tv

Әйелдің айтуынша, мұндай қадамға оны қаржылық қиындықтар итермелеген. Ол нәрестені Павлодар қаласында дүниеге әкелген. Арада үш күн өткен соң, сәбиді барлық құжаттарымен бірге сатып алушыға беріп, келісілген соманың бір бөлігін алған. Алайда мәміле құқық қорғау органдарының назарында болған. Тергеу барысында әйелдің әрекеті әуел бастан бақылауда болғаны анықталды. Сот анаға қатысты үкім шығарды.

«Іс соттың жабық отырысында қаралды. Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, оның 3 кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны орындау 2031 жылға шегерілді. Сот үкімі заңды күшіне енді», – деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

Оқи отырыңыз: Жүктілік кезінде қандай тексерулерден өту маңызды - министрлік түсіндірді