Елімізде бүгінге дейін 53 адамға химиялық кастрация жасалған.
Елімізде педофилдерді кастрациялау ережесі өзгереді. Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бұйрыққа түзетулер енгізбек, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құжаттың жаңа нұсқасында сексуалдық сипаттағы қылмыс жасап сотталғандарға химиялық кастрация бостандыққа шығар алдында 6 ай бұрын тағайындалатыны жазылған. Ал сотталушының психикалық ауытқуы бар-жоғын анықтау үшін, оны түрмеден босатуға 12 ай қалғанда қажетті құжаттар психиатриялық сараптама жүргізу мақсатында сотқа жолдануы тиіс. Бұйрық нормативтік-құқықтық актілер сайтында 18 тамызға дейін көпшіліктің талқылауына ұсынылып отыр.
Айта кетейін, елімізде бүгінге дейін 53 адамға химиялық кастрация жасалған.
«Алты ай бұрын мәжбүрлеу шаралары басталады. Сөйтіп дәрінің инструкциясы бойынша, әр екі апта сайын салынып отыруы керек. Егер қабылдап отырған адам процедурасына екі апта сайын келмей қалса, онда полицияға арыз жазылады. Полиция сол адамды тауып, мәжбүрлеу шараларын әрі қарай жалғастыруға әрекетін жасайды», – деді Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының орынбасары Нәби Есімов.
Оқи отырыңыз: Шымкентте саңырау қызды қорлаған жігітке үкім шықты