Сот отырысына бірнеше куәгер келмей қалды
Перизат Қайраттың сот отырысына бірнеше куәгер келмей қалды. Олармен байланыс орнату мүмкін болмапты. Десе де, прокурор Мәдина Оразалина жәбірленушілерден тергеу кезінде алынған жауапты оқып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, қорға ақша аударғандардың арасында мемлекеттік қызметкерлер де бар. Мәселен, су тасқыны кезінде Маңғыстау облыстық қазынашылық департаментінің мамандары 231 мың 500 теңге аударыпты. Бұл жайлы жәбірленуші Манарбек Бұхарбаев тергеу кезінде айтып берген.
«Мен өз атыма есеп-шот ашып, жиналған қаражатты сол есеп-шотқа салдым. Сол арқылы ақша қоғамдық бірлестікке аударылды. Қазір осы қоғамдық бірлестік басшыларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын білген соң, аталған қор басшысына қатысты заң аясында шара қолдануды және аударылған қаражатты қайтаруды сұраймын», – деді прокурор Мәдина Оразалина.
Оқи отырыңыз: Перизат Қайрат ісінде Димаш Құдайбергеннің есімі аталды