10 жыл бойы қайырымдылықпен байланысты кез келген қызметпен айналысуына тыйым салуды талап етілді
Перизат Қайрат 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгінгі жарыссөз барысында прокурорлар осындай жаза тағайындауды сұрады, деп хаарлайды Almaty.tv.
Мемлекеттік айыптаушы оны Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» және «Қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру» баптары бойынша кінәлі деп тануды ұсынған. Сонымен қатар Перизат Қайраттың мүлкін тәркілеу, «Шапағат» медалінен айыру және 10 жыл бойы қайырымдылықпен байланысты кез келген қызметпен айналысуына тыйым салу да талап етілді.
«Мұндай ауқымда және осындай жағдайларда жасалған ұрлық – қоғам мүддесі мен моральдық қағидаларға өрескел қол сұғу. Бұл – тек материалдық шығын емес, азаматтардың көмек пен қайырымдылық институттарына деген сенімін бұзу. Қылмыс алдын ала сөз байласу арқылы, ал рөлдер бөліне отырып жасалған. Басты сот процесінде де, тергеу кезінде де айыпталушылар өз кінәсін мойындамады және жасаған істеріне өкінбеді», – деді мемлекеттік айыптаушы Арман Кизекен.
Ал Перизаттың анасы Ғайни Алашбаеваға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сұралды. Прокурорлардың айтуынша, ол бұл қылмысты қызымен бірге жоспарлап, жүзеге асырған. Алашбаеваның атына арнайы банк шоты ашылып, қайырымдылыққа жиналған қаражат сол арқылы жұмсалғанын да еске саламыз. Сондай-ақ заңсыз жолмен алынған мүліктің бір бөлігі оның атына рәсімделген. Сондықтан айыптаушы тарап жазаны жеңілдетуге еш негіз жоқ дейді.
«Қылмыстық кодекстің 46-бабына сәйкес, Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзету мекемесінде өтеуін сұраймыз. Заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеуді және ол мүлікті жәбірленушілерге материалдық шығынды өтеу ретінде беруді талап етеміз», – деді мемлекеттік айыптаушы Арман Кизекен.
Тәркілеуге ұсынылған мүлік:
Оқи отырыңыз: Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға соттауды талап етті