Полиция жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

 Еліміздің бес өңірінде 22 мыңнан астам заң бұзу дерегі анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдағы тәртіпті күшейту мақсатында жоспарлы түрде ауқымды профилактикалық рейдтік шаралар тұрақты түрде өткізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұндай шаралар бұған дейін де жүргізілді және алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Оның басты мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау.

Бүгінгі таңда еліміздің бес өңірінде, яғни Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы, Қарағанды, Түркістан облыстарында "Құқық бұзушылыққа жол жоқ" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жолда жүру қағидаларын бұзудың 22 мыңнан астам дерегі анықталып, жолы кесілді.

Оның ішінде:

  • масаң күйде және жүргізу құқығынсыз көлік басқарудың шамамен 500 дерегі;
  • жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін, яғни қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту, жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланудың шамамен 300 ге жуық өрескел құқықбұзушылықтың алдын алды;
  • жүргізушінің қауіпті әрекеттерінің, оның ішінде көлік жүргізу кезінде телефон қолданудың 800-ден астам дерегінің жолы кесілді.

Жалпы алғанда, мамандандырылған айып тұрағына 2,8 мыңнан астам автокөлік қойылып, 450-ден астам мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды.

Әрбір тоқтатылған құқықбұзушылық — алдын алынған апат, сақталған бір өмір мен аман қалған денсаулық.

"Мұндай жедел-профилактикалық іс-шаралар еліміздің барлық өңірінде кезең-кезеңімен жалғасады. Барша жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Заң мен тәртіп — әр азаматтың жеке жауапкершілігі", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Енді ұл тусам: Баян Алагөзова арманын айтты

Новости партнеров