Қарағанды облысында синтетикалық есірткі өндірісі тоқтатылды: 4 тонна прекурсор тәркіленді

Polisia.kz
Polisia.kz

33 жастағы күдікті ұсталды 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" принципі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

4 қаңтар күні Қарағанды облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады. Ол жеке үйде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған. Тінту барысында оқиға орнынан 20 келі мефедрон, жарты тоннаға жуық дайын кристалды өнім, конструкторлар мен химиялық реагенттер салынған канистрлер, сондай-ақ есірткі өндірісінде қолданылатын шамамен 4 тонна прекурсор тәркіленді.

Осылайша, 1,5 миллион бір реттік дозаның заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді, яғни жүздеген адам құтқарылды. Есірткі өндірісін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ұйымдастырушы өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында газ қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
 

Новости партнеров