Президент жолдауы инклюзивті ортаны дамытуға жаңа бағдар береді

depositphotos.com
depositphotos.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің директоры Сержан Саров Президент жолдауында айқындалған басым бағыттардың, соның ішінде жасанды интеллектіні, ғылым мен білімді дамыту, сондай-ақ инклюзивті орта қалыптастыру мәселесінің маңыздылығын атап өтті, - деп хабарлайды Almaty.tv. 

Оның айтуынша, қазір музей тарихи-мәдени мұраны сақтайтын орын ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік саясатты іске асырып, болашақтың даму бағдарын қалыптастыруға ықпал ететін маңызды қоғамдық институт.

Осы бағытта музей ерекше қажеттілігі бар адамдар мен халықтың түрлі әлеуметтік тобына арналған тақырыптық көрмелер, арнаулы шеберлік сабақтары мен басқа да іс-шаралар ұйымдастырып келе жатыр.

«Келер жылдың бірінші жартыжылдығында аутизмі бар балаларды қолдаумен айналысатын «Болат Өтемұратов» қорымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылады. Онда даму ерекшелігі бар балаларды мәдени өмірге тартып, музей ортасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған арнаулы іс-шаралар ұйымдастыруды қолға алады», – дейді Сержан Саров.

Оқи отырыңыз: Алматыда кәсіпкерлерге 5 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі