Саясат Нұрбек Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа Конституцияның білім және ғылым салаларындағы әлеуеті жайында мәлімет берді
Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президентке ведомство қызметінің басым бағыттары мен ғылым және жоғары білім салаларындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру барысы баяндалды.
Саясат Нұрбек Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа Конституцияның білім және ғылым салаларындағы әлеуеті жайында мәлімет берді.
Сондай-ақ:
Мұнда жоғары оқу орындары мен облыс әкімдіктерінің өзара байланысы айрықша мәнге ие. Бұл технологиялық міндеттер мен келешегі зор бағыттарды анықтауға жол ашады.
Аталған механизм аясында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізіледі, өнеркәсіп үлгілері жасалып, өндіріс іске қосылады.
Ғылыми саясатты жетілдіруді көздейтін реформалар жалғасып жатыр. Министрлік ғалымдарды мемлекет тарапынан қолдауға, гранттар мен сыйлықтар беруге, ғылыми тағылымдамаға жіберуге, сондай-ақ жас ғалымдарды баспанамен қамтуға ерекше мән береді.
Мемлекет басшысы жоғары білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту және оларды коммерцияландыру, инновациялық қызметті ынталандыру, инфрақұрылым мен шетелдік университет филиалдарының жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Оқи отырыңыз: Түркі елдерімен сауда көлемі $12,9 млрд-қа жетті - Олжас Бектенов