Президент қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Баршаңызды Ұлттық кітап күнімен құттықтаймын! Қазіргі кезеңде баспа ісінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Соған қарамастан, кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайды. Қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқаны байқалады. Осы оң үрдіс жастар арасында да кеңінен таралып келеді.
Жаппай цифрландыру және Жасанды Интеллектінің үстемдігі арта түскен уақытта оқу мәдениеті ұлт сапасының бірден-бір өлшемі ретінде халқымыздың бітім-болмысына тән айнымас қасиет болып қала беруге тиіс, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында.
Мемлекет басшысы алдағы екі апта ішінде оқу мәдениетін кеңінен насихаттау және оқуға құштар, зияткер ұлт қалыптастыру шаралары туралы арнаулы Жарлыққа қол қояды.
Оқи отытыңыз: Саммит қорытындысы бойынша 4 маңызды құжатқа қол қойылды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
28.11.2026 15:18
Алматыда 30 қараша мен 6 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады
28.11.2026 09:17
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
28.11.2026 12:55
Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз: 28 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
28.11.2026 10:18
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
28.11.2026 14:19