Сарапшы Мемлекет басшысының "Ана тілі" газетіне берген сұхбаты символдық сипатқа ие болды дейді
"Президент сұхбатында еліміздің түрлі саласына қатысты мәселелер жан-жақты қамтылды". Дінтанушы Әл-Фараби Болатжан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ana tili" газетінде жарияланған сұхбатына қатысты осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ана тілі" газетіне берген сұхбаты символдық сипатқа ие болды. Себебі Президент өзі айтқандай, "Ана тілі" басылымына сұхбат беру арқылы еліміздегі журналистиканың тірегі саналатын қазақ тіліндегі медиаға қолдау көрсетіп отыр.
Түрлі мәселені қозғай келе, Президенттің қаңтар оқиғасына қатысты айтқанын тұшына оқыдым. Президент "Қаңтар оқиғасынан үш жыл өткенде азаматтарымыздың көпшілігі елімізде бұрын-соңды болмаған осы дүрбелең көпе-көрінеу әлеуметтік әділетсіздіктің, саяси тоқыраудың, сондай-ақ қаскөйлердің шектен тыс менмендігінің және олардың халық пен мемлекет тағдырына немқұрайлы қарауының кесірінен орын алғанына әбден көз жеткізді" деді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы тұлға культіне қатысты да пікір білдіріп, "Президент – "Құдайдың жердегі көлеңкесі" емес, мемлекетті басқару үшін белгілі бір мерзімге сайланған менеджер ғана» екенін айтты", - деді сарапшы.
Оқи отырыңыз: Қазақстан жастары Президент бастамаларына қолдау көрсетеді - ҚХА мүшесі