Президент Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды

Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысы оқу кабинеттері мен спорт залын аралап көрді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қызметімен танысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы оқу кабинеттері мен спорт залын аралап көрді. Президентке мекемеде 180 бала білім алып, интернатта тұратыны жөнінде баяндалды.

Мектеп жас өскіндерге білім беріп, тегін тамақтандырады әрі тұрғынжаймен қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламасы 7-11 сыныптарға арналған.

Білім ошағының негізгі мақсаты – келешектегі Отан қорғаушыларды даярлау, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру. Әскери интернатта курсанттар сабақтан тыс уақытта роботты техника, дронды басқару, жасанды интеллект үйірмелеріне қатысады.

Болашақ әскери қызметшілерге ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылармен әңгімелесіп, мемлекет тарапынан әскери білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.

Іс-шара соңында Мемлекет басшысы білім ошағына Бауыржан Момышұлының портретін және елімізде құрастырылған мектеп автобусын сыйға тартты.

Сондай-ақ курсанттар Мемлекет басшысына өздері құрастырған дрон моделін таныстырды. Әскери мектеп-интернатта роботты техника, дронды басқару және жасанды интеллект үйірмелері бар.

Оқи отырыңыз: Президент Жамбыл облысының бірқатар тұрғынын марапаттады

Новости партнеров